Қырғыз бен өзбек көп алып, Қазақстанға су жетпей жатыр

pixabay.com
Жайылымдық жердің тапшылығы да мәселе туғызып тұр.

Атырау облысының барлық аудандары су тапшылығын сезініп отыр, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің өңірлердегі бизнес субьктілердің іскерлік белсенділігін қалпына келтіру мәселесі бойынша өткізген селекторлық кеңесінде "Досқайыров" шаруа қожалығының директоры Жеңісбек Досқайыров осылай деді.

Оның сөзінше, Жайық өзенінің бойында орналасқан 30 ауылдық округте 200 мың адам қоныстанған. Мұнда 1 500 шаруа қожалығы бар. Олардың барлығы суға зар болып отыр.

"Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандарында мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар жер асты суына қол жеткізе алмай жүр. Бұған дейігі жылдарда жер асты суын 3 метр тереңдіктен алатын, биыл су 15 метр тереңдіктен шығып жатыр. Бір құдықтың суы 150 бас ірі қараны суаруға ғана жетеді", – деді Жеңісбек Досқайыров.

Оның айтуынша, жайылымдық жердің тапшылығы да мәселе туғызып тұр.

"Шаруалар малды қамап бағады. Қолда тұрған мал былтырдан қалған ескі шөпті жейді. Салдарынан малдың күйі болмайды", – деді шаруа қожалығының директоры.

Өз кезегінде Қызылорда облысының өкілі, "Абзал и К" шаруашылығы директорының орынбасары Сағидолла Сыздықов күрішшілер де су азабын тартып отырғанын жеткізді.

"Күріш суаратын су тапшы. Қырғызстан мен Өзбекстан су тұтыну көлемін ұлғайтты. Су қоймаларындағы су бізге жетпей жатыр", – деді Сағидолла Сыздықов.

Қанат Махамбет

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді