Қазақстандықтар COVID-19 екпесін алудан бас тарта ала ма - ресми өкіл жауабы

Pixabay
Екпе міндетті және міндетті емес болып екіге бөлінеді.

Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Инфекцияның таралуын шектеу үшін жалғыз тиімді әдіс - карантиндік шаралар, сондай-ақ жеке санитарлық сақтық шаралары болып табылады. Қазір әлемнің ғалымдары мен зерттеушілері COVID-19 вакцинасын жасау үшін барын салуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева "қазақстандықтар бұл екпеден алдағы уақытта бас тартуына мүмкіндігі бар ма" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы, бұл вакцина пайда болған кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер екпе жағдай ушығып тұрған қиын кезеңде пайда болса, онда ол эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес вакциналар санатына жатқызылады. Әйтсе де, одан бас тарту құқығы сақталған, деп мәлімдеді Ақтаева.

Вице-министр сонымен қатар вакциналар қалай бөлінетінін айтты.

Екпелер міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті түрдегі жоспарлы екпе тізімі мен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе жасалады.

Жоспарлы міндетті екпелер тізімі үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Бұл тізім былтыр болған, қазір де, келесі жылы да болады. Ол қызылшаға, көкжөтелге, қызамыққа, сіреспеге, паротитке, туберкулезге және В вирусты гепатитіне қарсы бағытталған 11 профилактикалық екпеден тұрады.

Лязат Ақтаева қоғамда адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізуге қатысты қоғамда пікірталас болғанын еске салды.

Бұл вакцинаны міндетті тізімге қосу үшін қоғам дайын болмады. Қазір ол тізімге енгізілмеген және ерікті болып табылады. Бұл вакцина жатыр мойны обырының пайда болу қаупін едәуір төмендетеді, - деді Ақтаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді