118 млн теңге жымқырған Нұр-Сұлтан кәсіпкерлері ұсталды

видеодан кадр
Әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласында "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Айыпталушылар бақылауындағы кәсіпорындарға жалған тұлғаларды рәсімдеп, іс жүзінде негізгі қызметті өздері жүргізіп отырған. Жымқыру технологиялық процестерді жетілдіру бойынша техникалық жабдықтауға қызмет көрсетуге берген, шындыққа сай келмейтін 118 млн теңге сомасындағы шығынның өтеуін заңсыз алу арқылы жүзеге асырылған.

Көрсетілген мемлекеттік қаржылық көмек ең алдымен ШОБ-ты қолдауға, сонымен қатар тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің өзіндік құнының түсу салдары мен шығынды өтеуге арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы сотының үкімімен кәсіпкерлер ҚР ҚК 190-бабының 4 б. (алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот сонымен қатар ынтымақтық тәртіпте кәсіпкерлерден "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 770 000 теңгені мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алуға қаулы шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты