Берік Уәли Президенттің денсаулығы жайлы: Күнделікті коронавирусқа тест тапсырады

Берік Уәли
Президент жұмыс орнында өз қызметін жұмыс кестесіне сай атқаруда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президенттің денсаулығы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматтары алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті", деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізіп жатқанын жеткізді.

"Қазақстан Президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді", делінген жазбада.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің өзі болса, бүгіндері ауруханада коронавирустан емделіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды