Қазақстанда кепілді электронды тіркеу іске қосылады

itbu.ru
Тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Шілде айынан бастап республика бойынша кепілді электронды тіркеу іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы кездесу барысында мәлімдеді.

Министр айтып өткендей, жылжымайтын мүлік иелерінің тарапынан қаржылық және жеке уақыт шығындарын қысқарту мақсатында кепілді тіркеу екінші деңгейлі банктермен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық форматқа көшірілген.

Осы өзара іс-қимыл шеңберінде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға жүгінуінің қажеті жоқ, өйткені тіркеу үшін кепіл туралы мәліметтерді банктер тіркеуші органға электрондық форматта дербес жібереді.

Жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеуді жүзеге асыру процесі келесі айда іске қосылады

Тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді