Атырауда адамдар мен көлік қозғалысына шектеу қойылды

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі
Шектеу шаралары орындалмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен ірі көлемде айыппұл салынатын болады.

18 маусымнан бастап Атырау облысында көлік қозғалыстарына шектеу қойылды, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Атырау қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді. Шұғыл қызмет пен стратегиялық нысан қызметкерлерін қоспағанда, тұрғындар мен көліктердің қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынған. Ал, қаладағы қоғамдық көліктердің барлығы кешеден бастап, таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар арасында енгізілген шектеу шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Азаматтар мен автокөлік қозғалысы бақылауға алынған. Шектеу шаралары орындалмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен ірі көлемде айыппұл салынатын болады.

Айта кетейік, Атырау облысында 17 маусым сағат 23:00-ден бастап облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шектеу шаралары күшейтілген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты