Алматыда коронавирустан екі ер адам көз жұмды

Жалпы, Алматы қаласында коронавирустан 20 кісі өлімі тіркелді.

Алматыда КВИ-дан екі ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұмдардың бірі - 1960 жылғы, екіншісі - 1957 жылғы.

5 маусымда 1960 жылғы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ол бірден жан сақтау бөліміне орналастырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Ауруханаға түскен кезде одан екіжақты полисегментальді пневмония анықталып, денсаулығы өте ауыр деп бағаланды. Ол диагнозына сай емдеу хаттамасы бойынша ем алды. Жүргізілген қарқынды ем-дом шараларына қарамастан, ер адамның жүрегі ұстап қалды, 30 минут бойына жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, биологиялық өлім тіркелді. Екінші қайтыс болған 63 жастағы ер адам ЖРВИ-мен ауырған, 2020 жылдың маусым айының басынан бастап үйінде өздігінен емделген. 14 маусымда КВИ тесті оң нәтиже көрсетіп, ол жедел жәрдем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ер адамда қосымша созылмалы дерті болған. Көптеген жылдар бойы ол созылмалы жүрек ауруымен, артериялық гипертензиямен ауырып келген. Аурудың ауыр жүруіне байланысты ағзаның кейбір мүшесі істен шығып, оның ақыры өлімге әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Өлімді зерттеу жөніндегі комиссия шешімі бойынша, бұл екі жайт SARS-COV-2 вирусы туындатқан екі жақты полюсигналды пневмония түріндегі өкпеде кездесетін процесс салдарынан болған өлім ретінде мойындалды.

Жалпы, Алматы қаласында коронавирустан 20 кісі өлімі тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: