Қандастардың қолдауымен праймеризге қатысамын – Сырымбек Төлеу

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Тәуелсіздік жылдары елімізге 2 миллонға жуық қандастарымыз көшіп келді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеу праймеризге қатысуға шешім қабылдағанын мәлім етті.

Тәуелсіздіктің ақ таңы атып, өшкені жанып, өлгені тірілгендей қазақ дүр сілкініп, қайта түледі. Осы Тәуелсіздік жылдары елімізге 2 миллонға жуық қандастарымыз көшіп келді. Оның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дәрежесі жоғары деңгейінге көтерілуіне шетелден келген қандастарымыз өз деңгейінде үлес қосып келеді.

Атап айтсақ, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы, Дін және қоғам қайраткері, жазушы Халифа Алтай, Халықаралық түрік академиясының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы, ҚР Ауыр атлетикасының мемлекеттік жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Мендіхан Тәпсірұлы сияқты аты аталмаған қаншама қандастарымыз бар.

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ халқында "Қасым ханның қасқа жолы" Әз Тәукенің Жеті жарғысы" секілді заңдардың болғанын байқаймыз. Заң біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналып отыр. Сондықтан, еліміздегі жастарға арналған тиімді баспана, қоғамдағы күрделенген мәселелерді әсіресе саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін депутат ретінде қарастырғым келеді.

Көші-қонға қатысты Заңнамаларды талқылауға қатысып, біраз оң өзгерістердің енуіне ат салысып келемін. Сөйтіп, қандастарымыздың кедергісіз құжаттануына қолымнан келгенше үлес қосудамын.

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау болып отыр. Жаhандық бәсекеге қабілетті жастар мен қоғамдық өмірінде жетістіктері бар қандас болып көшіп келген, бүгінде ел азаматтарын праймеризге қатысуға шақырамын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды