15 шілдеде Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жүргізіледі

astana.gov.kz
Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады.

15 шілде күні Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі, деп хабарлайды zakon.kz astana.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн.

Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Қалалық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да көпшілік жиналатын орындар басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі.

5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс