БҚО-да коронавирус науқастардан телефонын тартып алып жатыр

mgorod.kz
БҚО денсаулық сақтау басқармасы ұялы телефондар инфекция жұқтырудың бір жолы екенін айтты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 бар науқастардың қолындағы телефонды неге алып қойып жатқандарын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталы атап өткендей, әлеуметтік желілерде COVID-19 науқастарға туыстарының қоңырау шала алмай жатқандары туралы шағым жиілеп кетті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы ұялы телефондар инфекция жұқтырудың бір жолы екенін айтты.

- Біздің елімізде күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Бүгінгі күні бұл вирус көптеген адамның өмірін қиды, көптеген адам туыстарынан, жақындарынан, достарынан айырылды. Желіде облыстық ауруханалардың бірінде науқастардың ұялы телефондарын алып қойып жатыр деген ақпарат тарады. Осыған байланысты айта кетейік, әрине ұялы телефон инфекцияның негізгі көзі емес, бірақ аурухана жағдайында одан жұқтыру мүмкін екенін атап өткім келеді. Өйткені телефон үнемі антисептикпен зарарсыздандырылмайды. Ал вирус көбінесе қолыңызда ұстайтын заттарға сіңіп алады. Алған емнен не пайда, ол қайта жұғып жатса, сондықтан енді барлық адамдар үшін басты ереже - бұл барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау, бұл - ауру мен өлімнің деңгейін төмендетудің басты мүмкіндігі. Біздің әрқайсымыз өз денсаулығымызға жауаптымыз! - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі