Педагогтер үшін "Қашықтан оқытуды үйренемін" атты тегін онлайн-курсы басталады

regnum.ru
Әрбір мұғалім, педагогикалық мамандықтарды оқитын студенттер де жылдың соңына дейін осы курстан тегін өту мүмкіндігіне ие болады.

Еліміздің педагогтеріне арналған "Қашықтан оқытуды үйренемін" атты тегін онлайн-курсы басталады. Онлайн-курс еліміздің барлық педагогтерін кезең-кезеңмен оқытуды қамтитын кестеге сәйкес ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрбір мұғалім, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттері де жылдың соңына дейін осы курстан тегін өту мүмкіндігіне ие болады.

Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдыларына, сонымен қатар қашықтан оқыту форматының әдіснамасына, жаңа оқыту жағдайында бағалауға аударылатын болады.

Бұл курс қатысушылардың білім алуда өз бетімен уақыт және жылдамдықты таңдай алуы үшін бейсинхронды форматта өтеді.

Курс 18 мыңнан астам мектеп басшысы мен мұғалімнің онлайн сауалнамасы бойынша, сондай-ақ өткен оқу жылының 4-тоқсанындағы 300-ден аса онлайн сабақты бақылаудағы зерттеу нәтижесінде әзірленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты