Ресей вакцина сата бастаса, ең бірінші кезекте Қазақстанға басымдық береді

Қазақстан вакцина әзірлеп жатқан әртүрлі елмен байланыс орнатқан.

Қазақстан клиникалық зерттеулерді бірінші болып өткізіп, нәтижесін жариялаған елден вакцина сатып алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазақстан әртүрлі елдердің әртүрлі вакциналарын зерттеп жатыр. Олар клиникалық сынақтардың әртүрлі кезеңдерінен өтуде. Біз Ресейдің вакцина әзірлеп жатқанын білеміз, сонымен бірге ресейлік әріптестерімізбен әріптесе белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Жеткізу мерзімі вакциналардың клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өтіп, жалпы халыққа қолдануға рұқсат етілгендігі ресми расталғанда белгілі болады. Осындай мәліметтер бізге келәп түскенде оны қарастыратын боламыз, - деді Цой ресейлік вакцинаны сатып алуға байланысты қойылған сұраққа берген жауабында.

Ол сондай-ақ министрліктің ресейлік тараптан вакцина жалпы сатылымға шығып жатқан жағдайда, ең бірінші кезекте Қазақстанды қарастыруды сұрағандарын атап өтті.

- Бізде вакцинаға тест жүргізіп жатқан басқа өндірушілерімен де арада келісімдер бар. Олардың ішінде БАӘ-мен бірге клиникалық сынақтардан өтіп жатқан қытайлық вакцинаны атауға болады. Қазіргі уақытта әлемде сынақ деңгейі соңғы кезеңіне жетіп қалған басқа вакцина әзірлеушілермен де байланыс бар, деп қосты Цой.

Оның айтуынша, Қазақстан КВИ-ге қарсы вакцина жасай алатын елдердің барлығымен байланыс ұстап отыр.

- Күтіп отырмыз. Нақты күні, нәтижесі қашан шығады, сол кезде біз әлемдік қауымдастықпен қатар біз де толығымен танысамыз. Содан кейін қандай вакцинаны бірінші кезекте сатып алатындығымыз туралы шешім қабылдаймыз, - деп сөзін түйіндеді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: