Мәжіліс депутаттары Шымкентте коронавируспен күрес шараларының тиімділігін бағалады

Мәжіліс депутаттары провизорлық бөлім қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен және күніне үш рет тамақтанумен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.

Мәжіліс депутаттары аймақтарда қоғамдық бақылау аясында коронавирус індетімен күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне ерекше назар аударуда, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Мәжіліс депутаттары Уәлихан Қайназаров, Сәкен Қаныбеков және Мансұрхан Махамбетов Шымкент қаласындағы медициналық мекемеге, яғни 16 маусымнан бастап 30 орындық провизорлық бөлімге айналған кардиологиялық орталыққа барды.

Бұл жерде коронавирус және пневмония диагнозы қойылған және ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары бар емделушілерге қажетті көмек көрсетілеуде. Бөлімде жасанды тыныс алу аппараты тиімсіз болып, ерекше ауыр жағдайларда қолданылатын ЭКMO технологиясын (экстракорпоралды мембрана оттегімен) пайдалану мүмкіндігі бар.

Уақытша бөлімнің жұмысы барысында екі жақты ауыр пневмония және коронавирустық инфекциямен байланысты жүрек-қан тамырлары асқынулары бар 126 емделуші сауығып шыққан.

Медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Мәжіліс депутаттары провизорлық бөлім қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен және күніне үш рет тамақтанумен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.

Сонымен қатар, дәрігерлер көтерген проблемалық мәселелердің бірі – қосымша жасанды тыныс алу аппараттары, мониторлар және перфузерлерге қажеттілік бар. Ал, оттегі қажеттілігін қамамасыз ету үшін, оттегі станциясын салу қажеттілігі туралы да мәселе көтерілді. Аталған станцияны орнатуға қаражат табу қала әкімдігінің алдына қойылды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта кардио орталықта жоспарлы ота жасау мүмкін еместігі сияқты проблемаларға (коронография және жүрек тамырларын стенттеу және т.б.) ерекше назар аударылды. Өйткені, кардиологиялық орталыққа тек Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен бірге Түркістан облысының тұрғындары жүгінеді.

Мәжіліс депутаттаы дәріханалар мен дәріхана қоймаларына барып, жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерімен танысты. Айта кету керек, дәрілік заттарды әкелу тәртібін жеңілдету дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: