Түркістан облысы елдегі "жолдары ең сапалы өңір" атағын алмақ

adaldyq alańy
"Түркістан- адалдық алаңы" деген жобалық кеңсенің "Сапалы жол" дейтін жобасы жұмысты қатырып істеп жатыр екен.

Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан- адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Сапалы жол" жобасы аясында Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының автокөлік жолдарына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілген болатын.

Аталмыш мониторинг барысында ауданға қарасты Тасты және Шолаққорған ауылдарына төселген жаңа жолдардан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы асфальт бетон жамылғысынан сынамалар алынып, қос ауылдың жолдарының сапасының сын көтермейтінін байқаған мамандар, мердігер жұмысында анықталған кемшіліктер бойынша акт түзіп, мердігер мекеме басшыларына қайта жөндеуден өткізуге бірқатар ұсыныстар берген болатын.

Нәтижесінде, аталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелер сапасыз деп танылған жолдарды қайта қалпына келтіріп, ауыл тұрғындардың талап-тілегін қанағаттандырып отыр.

Осы орайда, назарларыңызға кешенді мониторинг жұмыстарына "дейінгі" және "кейінгі" суреттерді ұсынамыз.

Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді