Нұр-Сұлтандағы ҚПДО клиникасынан соңғы ковид науқас сауығып шықты

Ольга Комарованың айтуынша, дезинфекциядан кейін Психикалық денсаулық орталығы жақында өзінің бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын бастайды.

Бүгін коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы науқас қалалық психикалық денсаулық орталығы (ҚПДО) базасында орналасқан жұқпалы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 маусымнан бастап МПДО COVID-19 науқастарға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта жасақталды. Бір жарым айдың ішінде мұнда 1 044 науқас емделді.

- Ал бүгін олардың соңғысы емделіп, ауруханадан босап шықты. Бәріміз тәулік бойындағы үзсіксіз режимде тынымсыз жұмыс істедік. Атап айтқанда, провизор Мелисса Самеева бәрін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті, менің орынбасарым Лариса Гом, бас медбике Гүлнар Алтынбекова алдыңғы шепте жұмыс істеді. Төсек-орынды орналастыру, жан сақтау бөлімін ашу оңай болмады, бірақ біз оның бәрін жасадық. Бізде Айнагүл Жаңбыршинова, Салтанат Мусина сынды керемет дәрігерлер болды. Олардың барлығы жоғары кәсібилікті көрсетті, мен өз командама алғысымды білдіргім келеді, осындай тамаша ұжымым бар! Біз өз міндетімізді лайықты атқардық!, - деді қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының міндетін атқарушы Ольга Комарова.

58 жастағы Уәлихан - клиникадағы COVID-19-ны жеңген ең соңғы науқас.

- Мен бүгін босап шыққалы жатырмын. Орталықтың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Мұнда 14 шілдеден бастап жатырмын. Емдеудің барлық кезеңінде орталық қызметкерлерінің тарапынан үлкен қамқорлық пен күтімді сезіндім. Дәрі-дәрмектер мен қажеттінің бәрі болды. Дәрілер тиімді болды және алғашқы күндері-ақ нәтиже берді. Содан кейін жақсара бастадым. Беретін тамағы да өте жақсы. Барлығына: медбикелерге, мейірбикелерге және дәрігерлерге көп рақмет, бұл өзара сыйластығы жарасқан ұжым, - деді ол.

27 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырған 10 070 науқас тіркелген, олардың 6 766-сы емделіп, сауықты.

Ольга Комарованың айтуынша, дезинфекциядан кейін Психикалық денсаулық орталығы жақында өзінің бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын бастайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: