Ет сұрап, мешітке келудің керегі жоқ. Мұқтаж жандарға оны өзіміз таратамыз - Алматы имамы

әкімдіктің баспасөз қызметі
Құрбандыққа шалынған мал етін тарату үшін мешіттер жанында арнайы штабтар құрылған.

Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Бостандық ауданындағы "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтты,

- Шектелген карантиндік шараларға байланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандыққа шалынған мал етін тарату деген болмайды. Құрбандық мал етін алғысы келетіндердің барлығы мешіттерге бармауы тиіс. Оны бізде арнайы құрылған штаб мұқтаж отбасыларға өздері таратады, - деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талабын орындау үшін мерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде оқылмайтынын баса айтты. Биыл күн шыққаннан кейін бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады.

Еске салайық, құрбандық шалу рәсімі мен мұқтаж, аз қамтылған отбасылардың өтініші Qurban2020.kz сайты арқылы 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (700) 7197622, ​​8 (727) 3976390.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды