Алматы облысының тәртіп сақшылары облыстағы Алакөл жағалауында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды атқарады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алакөл көлінің Алматы облысы аумағындағы жағалауында биыл 150 жуық демалыс орны қызмет көрсетіп, 380 000 адамға қызмет көрсеткен.
"Жаһанға жайылған індеттің салдарынан биыл көлге келетін шетелдіктердің саны азайған, дегенмен отандық туризм бір қадам алға басты. Көл жағасындағы Ырғайты ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында биыл бір ғана қылмыс тіркелген. Учаскелік полиция инспекторлары өзгенің мүлкін қолды қылған күдіктіні санаулы сағатта анықтап, қылмыстың "ізін суытпай" ашқан", - деп айтып өтті Алматы облысы Алакөл АПБ бастығы полиция полковнигі Қуат Оспанов.
Негізгі мақстат – учаскеде құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жағажайдағы криминогендік жағдай бақылауға алынған. Биыл 30 жуық әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Күнделікті аумақты шолу мен тиісті орган өкілдерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастыру өз нәтижесін беруде. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында демалыс орындары мен демалушылардың карантин талаптарын қатаң сақтауы да бақылауға алынған.
"Көлде демалушыларға қауіпсізідк шараларын ұмытпау қажеттілігі үнемі ескертіледі. Жақында құтқарушылар тобымен кезекті аралау барысында 6 жасар баланың жағажайдан алысқа кетіп, батып бара жатқанын дер кезінде байқадық. Шұғыл жетіп, баланы аман-есен ата-анасына тапсырдық. Үлкендерге бүлдіршіндерді көзден таса қылмау қажеттілігі ескертілді", - деді полиция полковнигі Оспанов.