Тәжікстанда президент сайлауы 11 қазанда өтеді

RFE/RL
Соңғы президент сайлауы 2013 жылдың 6 қарашасында өткен.

Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы ( Маджлиси Оли) елде президент сайлауы 11 қазанда өтеді деп шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Енді елдің саяси партиялары, кәсіподақ ұйымдары президенттікке үміткер ұсына алады. Соңғы президент сайлауы 2013 жылдың 6 қарашасында өткен.

Бұл Тәжікстан тәуелсіздігін алғалы бері өтетін алтыншы президент сайлауы болмақ. Тәжікстанда президент сайлауы 7 жылға сайланады. Президенттіктен үміткер Тәжікстанда кемінде 10 жыл тұрып, тәжік тілін жақсы меңгеруі тиіс, жасы 30-дан кем болмауы керек.

Қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмон 1992 жылдан бері елін басқарып келеді. Соңғы 28 жылдан бері сайлау туралы заң бірнеше рет өзгертіліп, оған елді шексіз билеуге мүмкіндік берілген.

Халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Тәжікстанда бірде бір президент сайлауы ашық болған емес.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін