"Атырау тікұшақпен уланып, балалар содан ауырды" деген қауесет тарап кетті

inform.kz
Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, "Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады" деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат жалған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр" деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз" делінген баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы