Өз қызметінде отырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов халықпен онлайн-кездесу барысында бірнеше күннен кейін жұмыс орнын босатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала тұрғындары әкімнен "қызметіңізден кеткелі жатқаныңыз рас па" деп сұрады.
- Білесіздер ме, біз мемлекеттік қызметшіміз. Мен осы қалада 5 жыл жұмыс істедім. Ротация деген түсінік бар. Иә, осы қалада тағы екі күні жұмыс істеймін. Мен Қарағандыға облыстағы басқармаға бастық ретінде ауысып жатырмын, - деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.
Ғалым Әшімовтің қандай басқармаға барғалы жатқаны, әзірге белгісіз.
- Бізге "анда барасың" деген бұйрық беріледі, біз сол жаққа барамыз. Оны мен емес, басшылық шешеді. Ротация уақыты келіп қалды, - деді Ғалым Әшімов.
Қала басшысы өзінен кейін Теміртау әкімі кім болып келгелі жатқаны белгілі екенін айтты.
- Ол - менің әріптесім, басқа қаладан келеді. Өте сауатты адам, іскер басшы, - деді әкім.