Алматы облысының санитарлық бас дәрігері жұрттан кешірім сұрады

Баспасөз қызметі
Тағы да кешірім сұраймын, - деді Сыдыманов.

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов жұрттан кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Егер ағат кеткен жерім болса, өздеріңізден тағы бір рет кешірім сұраймын. Қалай болғанда да, мен осы халықтың перзентімін, соның бөлініп-жарылмас бір бөлшегі болғандықтан да мен тағы да өздеріңізден кешірім сұраймын. Менің қателіктерімнен әріптестерім, басқа мемлекеттік органдардың басшылары сабақ алып, алда оны ескереді деп ойлаймын, - деді Сыдыманов Инстаграмдағы nur.kanatuly.kz парақшасындағы сұқбатында.

12 тамызда ғаламторда аймаққа жаңадан келген санитарлық дәрігердің кәсіпкерлермен кездесуде қалай болса солай сөйлеген видеосы пайда болды.

- Бала-шағаны асырау керек екенін түсінемін, қаншама несие бар, андай-мындай. (...) Мысалы, Сіз үйде отырасыз, баланы бағасыз. Сағат 5-те қоңырау шалды ма, барасың. Не сендер мені оқытып, бірінші рет байға тиіп тұр ғой дейсіңдер ме?(...) Болды, барыңдар енді, басты қатырмаңдар, жұмыс жасауым керек. Сіз не, мені түсіріп жатырсыз ба? Міне, бәрі осыдан басталады. Мені түсіріп жатырсыз ба деймін, - дейді ол видеода.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой видеоны тексеретінін айтты. Содан кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыдымановтың мәспелесіне назар аударды. Санитарлық дәрігерге қатысты тәртіптік іс қозғалып, енді оны Этика кеңесі қарайтын болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті