Үлескерлерді тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды

inbusiness.kz
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тұрғындарға қаражат саларда мұқият болуды сұрайды және компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда баспана сатып алуға кеңес бермейді.

Үлескерлер тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан жобалардың тізімі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Толық тізімді мына сілтемеден таныса аласыздар.

Сондай-ақ, сарапшылар "Astana құрылыс" құрылыс фирмасы ЖШС және "Лея" құрылыс компаниялары үлескерлерден ақша жинау үшін, қажетті рұқсат құжатынсыз жылжымайтын мүлікті сату туралы жарнама жариялаған. Демек Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның 23-бабы бұзылған.

"Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тұрғындарға қаражат саларда мұқият болуды сұрайды және компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда баспана сатып алуға кеңес бермейді.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті рұқсатсыз үлескерлерден қаражат тартуға Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңымен тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді