Тоқаев Түркістан сапарынан кейін twitter-де бірнеше пост жариялап жіберді

Кешке таман Тоқаевтың twitter-дегі парақшасында бірнеше жазба жарияланды.

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапармен барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешке таман Тоқаевтың twitter-дегі парақшасында бірнеше жазба жарияланды:

Түркістанда күллі түркінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып шықтым. ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының тізіміне енген орта ғасырлық сәулет ескерткішінің туристік әлеуеті зор. Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы, түркі әлемін біріктіретін киелі мекен. Екі жылда Түркістан облысының экономикасы мен әлеуметтік саласын қалпына келтіру үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Стратегиялық маңызды осы өңірдің болашағы зор екеніне сенімдімін. Жақында ғана облыс орталығына айналған Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады. Қала тұрғындары мен туристерге арналған Сапар орталығы мен "Жібек жолы" саябағы да көпшіліктің көзайымына айналатынына сенімдімін, деп бір жазып қойды Президент.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан болатын. Соған орай ол:

Арыс қаласында өткен жылы болған жарылыстан кейін әскери бөлімшені қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы есепті тыңдадым. Оқ-дәрілерді жою,әскери және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Жөндеуден өткен теміржол вокзалын да көрдім. Түркістан облысына сапар аясында Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан үйсіз қалған Мырзакент ауылының тұрғындары үшін тұрғызылған жаңа ықшам ауданды қарап шықтым. Құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударған жөн, деп жазды ол тағы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: