Алматыда тек 1-2 сыныптар үшін ғана кезекші топтар ашылады

360tv.ru
Қызмет бабындағы ата-аналардан кезекшілік сыныптар ашуын сұраған көптеген өтініш келіп түсуде.

1 қыркүйектен бастап Алматыда мектепте 1-2 сынып оқушылары ғана қалыпты режимде сабақ оқи алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы брифингте Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жіті бақылауында. Міне, бүгінде қызмет бабындағы ата-аналардан кезекшілік сыныптар ашуын сұраған көптеген өтініш келіп түсуде. Осыған байланысты барлық орта мектептерде 1-2 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашу туралы шешім қабылданды, - деді ол.

Сондай-ақ мамандандырылған түзету мектеп-интернаттарына 1-ден 4-ке дейінгі бастауыш сыныптар үшін штаттық режимдегі жұмысқа рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты