Алматы әкімі "бірінші сынып оқушыларын студенттер оқытады" деген сыбысты жоққа шығарды

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар білімімен тек тәжірибелі мұғалімдер айналысуы керек. Оған күмән келтірмеңіздер.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерін бірінші сынып оқушыларымен жұмыс істеуге тарту жоспарлары туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматының білім беру болашағы: жаңа кезеңдегі перспективалық шешімдер" форумында сөз сөйлеген әкім тәжірибелі мұғалімдер ғана 1-2 сыныптың кезекші топтағы оқушыларын оқытатынын айтты.

- Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары "педагогикалық жоғары оқу орындарының тәжірибесіз түлектері немесе соңғы курс студенттері балаларымызға сабақ береді екен" деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Олай болмайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар білімімен тек тәжірибелі мұғалімдер айналысуы керек. Оған күмән келтірмеңіздер. Осыған байланысты білім басқармасына тиісті тапсырма беремін, - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Форум қазіргі қиын жағдайдағы білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелерін талқылайды. Оның ішінде кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, мұғалімдер мен мұқтаж оқушыларды компьютермен және интернетпен қамтамасыз ету, сонымен бірге балабақшалар мен мектептерден орын берудің өзекті мәселелері де бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: