Нығматулин: Ата Заң - қуатты мемлекеттің негізі

zakon.kz
Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс төрағасының құттықтауы Twitter-дегі жеке парақшасында жарияланды.

- Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды! - делінген жазбада.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне айналғанына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға амандық, елімізге құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты