Ұлттық кеңестің төртінші отырысы қазан айында өтеді

Ұлттық кеңес мүшелері Президент Жолдауының жүзеге асыру процесін бірнеше бағыт бойынша жеке қарастырады.

Қазан айына Ұлттық кеңестің 4-ші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жолдауда айтылған біраз бастамалар кезінде Ұлттық кеңес отырысында көтерілген мәселелер. Бұл кеңес мүшелері жұмысының бір көрінісі деп есептейміз. Екіншіден, бүгінгі отырыста Ұлттық кеңестің жұмыс жоспарын айқындап, сол арқылы жолдауда айтылған әрбір бастаманы қалай жүзеге асыру керектігін пысықтаудамыз. Яғни Мемлекет басшысының жолдауда айтқан бастамалары мен тапсырмаларды орындаудың тетіктерін қарастыратын боламыз", - дейді ҚазАқпарат отырыс барысындағы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің сөзін келтіріп.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңес мүшелері Президент Жолдауының жүзеге асыру процесін бірнеше бағыт бойынша жеке қарастырады.

"Осы орайда, алдағы қазан айына Ұлттық кеңестің 4-ші отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: