Қоластындағы қызметкері пара алып қойып, облыс әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Pixabay
СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров қызметтерінен кетті.

Солтүстік Қазақстан облысында басқарма басшысы мен аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін олардың тікелей басшылары қызметінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бергені үшін басшының дербес жауапкершілігі заңына сәйкес - СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров қызметтерінен кетті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Президент Әкімшілігінің келісімімен бұйрыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаев жалпы сомасы 650 мың теңге шамасында пара алды деп күдікке ілінген еді. Ол Ақжар ауданы Талшық ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Сот экс-жетекшіні және осы қылмысқа қатысы бар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековті айыпты деп танып, үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды