Облыстық полицияның экс-басшысы лауазымды қызметке тағайындалды

7sunews.kz
Биыл 29 қаңтарда оның кадрлық резервке алынғаны белгілі болған.

Бұрынғы полиция бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте лауазымды қызметке ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тағайындау туралы ақпарат Еділовтің телеграмм-арнасында пайда болды.

- Алматы облыстық полиция департаментінің экс-бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрымханов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 5-ші департаментінің бастығы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мұрат Ұрымханов 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы облыстық ПД басшысы болған. 29 қаңтарда оның кадрлық резервке алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ ол Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы (2010-2013), Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Тергеу басқармасының бастығы, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеу жөніндегі орынбасары (2001-2007), Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің тергеу жөніндегі орынбасары (2007-2010) болып қызмет атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты