"7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз" деген сыбысқа қатысты министрлік түсінік берді

pikabu.ru
Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары мектепте - кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алуда. Сол секілді Денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақты мектеп оқушыларына дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік берді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі "7 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары дәстүрлі білім беру форматына оралады" деп желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мұндай шешімді бас санитарлық дәрігер қабылдайды, соны дұрыс түсінейік. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары мектепте - кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алуда. Сол секілді Денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақты мектеп оқушыларына дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік берді. Ал 7 қыркүйектен бастап балалар мектепке оралады деген, әзірге әңгіме жоқ. Санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуге болатындығы туралы хабарлағаннан кейін, біз бұл процесті қолға аламыз. Мектеп әкімшілігі бұл ретте тиісті кесте жасайды. Ондай жағдайда біз барлық ақпаратты балалар мен ата-аналарға алдын ала хабарлайтын боламыз, - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Ол Білім және ғылым министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігіне шығып, дәстүрлі білім беру форматына оралуға рұқсат беруін сұрап, бірнеше рет сауал жолдағанын, бірақ әлі рұқсат алмағандарын да атап өтті.

- Әзірге, тек сөз етілген форматта оқуға рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрлігі қашан осындай шешім қабылдайды, сол кезде баршаны одан хабардар етеміз, - деді Омарбек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек