ДДСҰ баршаны тағы бір пандемияға дайын болуға шақырды

Getty Images
Гебрейесус "аурудың алдын-алуға, анықтауға (жауап беруге)", сондай-ақ "халықтың денсаулығына, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмекке" алдын ала инвестиция салуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясымен бәрі бітіп қалмайтынын, оның тағы бір жаңа түріне алдын-ала дайындалу керектігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемия, шын мәнінде, өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп беріп отыр, - деді Гебрейесус.

"Сондықтан келесі пандемия келгенде, әлем оған осы уақыттағыдан гөрі әлдеқайда дайын болуы керек", - деп қосты ол.

Жаңа коронавирус тудырған COVID-19 пандемиясы "бар адамға көп сабақ болды", - деп жалғастырды сөзін ДДСҰ басшысы.

- Соның бірі - денсаулық - өз күтімімен айналыса алатын сән-салтанат емес, бұл - қажеттілік және адамның құқығы. Денсаулық сақтау жүйесі "әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі", деп атап өтті Гебрейесус.

Осыған байланысты Гебрейесус "аурудың алдын-алуға, анықтауға (жауап беруге)", сондай-ақ "халықтың денсаулығына, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмекке" алдын ала инвестиция салуға шақырды. Мысал ретінде ДДСҰ басшысы Таиландтың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағыттап жатқан күш-жігерін, сондай-ақ Италия қабылдаған "күрделі шешімдерді" келтірді, бұл іс-әрекеттер "COVID-19-ны ауыздықтауға" мүмкіндік берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды