Бергей Рысқалиев ертең Қазақстанда қалған байлығын алып кетеді

Ақ Жайық
Бергейдің туыстарының мүлігіне салынған шектеулер де күшін жояды.

Мемлекет Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке тәркіленген мүлігін қайтарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бергейдің туыстарының мүлігіне салынған шектеулер де күшін жояды. Бас прокуратура ол мүліктің заңсыз баюға қатысы анықталған жоқ дейді.

- Оның туыстарына айып тағылған жоқ. Тергеу барысында ол мүліктің заңсыз баюға қатысы жоқ екені анықталды. Екіншіден, ресми айып тағылғанға дейін шектеу салынған мүлікке шектеу алынды. Бергейдің ол мүлкі қылмыстық топ құрған кезеңде емес, одан бұрынырақ, бизнесте жүрген кезінде тіркелген, - дейді ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталған. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне алты жылға тыйым салынған.

Оның бауыры Аманжан Рысқали да мүлігінің тәркіленуімен 16 жылға сотталған.

Тергеу дерегінше, Бергей Рысқалиев 2006 жылы қылмыстық топ құрған. Ол Атырау облысындағы түрлі құрылыс жобаларын пайдаланып, 72 млрд теңге жымқырған.

Сот сырттай өтті. Ағайынды Рысқалиевтер Қазақстаннан қашып кетіп, қазір олар іздеуде деп саналады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды