Жетісайлық әйел күніне 350 мың теңге табатын бизнес ашты

Түркістан облысы ӨКҚ
Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода.

Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева 505 мың теңге көлемінде қайтарымыз мемлекеттік грант жеңіп, кір сабын өндірісін қолға алған, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылғанына 1 жыл толған "Эльмира" жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды. Сұраныс артқан кезде 10 мың данаға дейін ұлғаяды. Әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңгенің өнімін өндіреді.

Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр.

Аталған кәсіптің шығыны аз, өйткені қолданылған тоң май сатып алып, қайнатады. Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода. Негізгі тұтынушылар Жетісай ауданының тұрғындары. Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ.

Айта кетерлігі, 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды