ЕАЭО елдерімен шекарада өткізілетін жүктерге мониторинг жүргізу жалғасуда

yandex.kz
Көлеңкелі айналым бюджетке зиян келтіреді және отандық бизнеске бәсекелестіктің тең емес жағдайын туғызады+.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендету мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдың басынан бастап ЕАЭО елдерімен шекарада өткізілетін жүктерге мониторингті жүзеге асырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалған тұлғалар мен банкроттар атына 10,3 мың тауарларға ілеспе құжат ресімделгені, жалған транзиттің 13 мыңнан астам фактісі анықталды.

Тек 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР арқылы РФ-ға транзит ретінде мәлімделген жүктердің 17%-ы ҚР-да қалған.

Тауарлардың мұндай көлеңкелі айналымы бюджетке зиян келтіреді және отандық бизнеске бәсекелестіктің тең емес жағдайын туғызады.

2020 жылғы 3 маусымда «Қарасу» АӨП және «Ақтілек-автожол» АӨП-да жиналу себептерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді. Бақылау рәсімдерінің хронометражы екі шектес өткізу пункттерінен өтуі 30-35 минутты, оның ішінде ҚР салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеу 3 минутты алғанын көрсетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды