2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 09:02 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 желтоқсанда "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
  • мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).

Заңда жасына байланысты және еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы мөлшерлері 10% көбейетіні көрсетілген.

Сондай-ақ, мемлекет төлейтін МӘМС жарнасы — есептеу базасының 2% мөлшерінде белгіленді.

Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін президенттің 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: