Елордада жылу беру маусымы мерзімінен бұрын басталды

іnform.kz
Бірінші кезекте балабақша сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

Елордада ауа-райының күрт салқындауына байланысты елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады: балабақшалардың шамамен 50% - ы, денсаулық сақтау объектілерінің 25% - ы, білім беру, мәдениет объектілерін қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша да дайындықтар жалғасып жатыр. Объектілерге дайындық паспорттары алынды, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Отын қоймаларында жеткілікті көлемде бар. Көмірдің бағасы, түрлері және саны туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады.

Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі