Алматы полициясы митингке дайындалуда

Жұма күні тұрғындар қалада полицейлер мен полиция көліктері көбейгенін байқады.

Алматыда 25 қыркүйекте “митинг өтеді” деген орынға түскі сағат 12-лер шамасында қоршаулар әкеліне бастады, деп хабарлайды zakon.kz Азаттық тілшісіне сілтеме жасап.

"Саяхат" жаққа темір қоршаулардың жеткізілу себебін Азаттық тілшісі сол маңда жүрген полицейлерден сұрап еді - "Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысынан сұраңыз" деп жауап берді.

Айналадағы дүкен, сауда орындарының бәрі жабылды. Азаттық тілшісі сөйлескен екі саудагер жабу туралы талапты полиция қойғанын айтты.

Бұған дейін "Саяхатқа" жақын орналасқан ірі базар - "Көкбазардың" да жабылғаны белгілі болған еді. Tengrinews сайтының жазуынша, базар 25 қыркүйек күндізгі сағат 12-ден бастап алдағы дүйсенбіге дейін жабық болады. Базар әкімшілігі "базардың қауіпсіздігі үшін жабылды" деп түсіндірген.

Жұма күні тұрғындар қалада полицейлер мен полиция көліктері көбейгенін байқады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында "митинг орны" ретінде белгіленген "Жаннұр" сауда орталығы әзірге жабылмаған. Бірақ сауда орталығы маңында полиция көліктері тұр. Полицейлердің бірі орталық маңында жүрген Азаттық тілшісінің деректерін жазып алып қалған.

Бұған дейін шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир, Ақорда сыншысы Мұхтар Әблязов жақтастарын 25 қыркүйекте билікке қарсы митингіге шығуға шақырған еді. Митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер жаппай ұсталып, әкімшілік жазаға тартылған. Құқық қорғаушылардың есебінше, соңғы үш күнде жүзден астам белсенді қамалып, айыппұл салынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: