Жақыпбаев Қайрат жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", делінген Ақорда сайтында.
Жақыпбаев Қайрат 1964 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
1985 жылы С.М. Киров атындағы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылы Мәскеу қаласының Прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру институтын тәмамдады.
Еңбек өтілі:
- ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданы прокуратурасының тергеушісі (08.1985-04.1988);
- ОҚО прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры (04.1988-03.1991);
- ОҚО прокуратурасы тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары (03.1991-12.1991);
- ОҚО Арыс қаласының ауданаралық прокуроры (12.1991-10.1993);
- ҚР Бас прокуратурасы Аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының бастығы (10.1993-12.1995);
- Мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, Әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі (12.1995-11.1997);
- ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы (11.1997-02.2000);
- ҚР Парламентi Мәжiлiсi Аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры, Заңнама бөлімінің меңгерушісі (02.2000-12.2004);
- ҚР Қаржы министрінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Төраға орынбасары (12.2004-02.2006);
- ҚР Парламент Мәжілісінің Төраға кеңесшісі (02.2006-05.2008);
- "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (05.2008-05.2017);
- Заңды күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (05.2017- 10.2017);
- Заңды күшіне енген үкімдердің және олардың орындалуы заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы (10.2017 -05.2018);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (05.2018 жылдан бастап).