Ақтөбеде лауазымды тұлғалар мектеп құрылысынан ақша жымқыру күдігіне ілікті

Apostle Michelle Peterson
Құрылыс бөлімі мен бір серіктестік арасында 1,5 млрд теңгеге 900 орындық орта мектептің құрылысы туралы келісім-шартқа қол қойылған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілерін құрылысы мен жөндеу" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында, "Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі" мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын "Ақтөбе қаласының бір тұрғын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша" мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісім-шартқа қол қойылғаны белгілі болды.

Алайда, жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 21,8 млн теңгені құрады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы, 4-б., 2-т. сәйкес (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты