Мамин ауыл диқандарын астық жинау науқанының аяқталуымен құттықтады

primeminister.kz
Барлық мамандардың үйлесімді жұмысы 20 млн тоннадан астам сапалы астық жинауға мүмкіндік берді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық диқандарды астық жинау жұмысын табысты аяқтауымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Құрметті ауыл еңбеккерлері! Сіздерді егін жинау науқанының аяқталуымен құттықтаймын. Пандемия, төтенше жағдай мен карантин кезінде ауыл шаруашылығы техникасы, тұқым мен тыңайтқыштар уақытылы дайындалды, бұл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік берді. Барлық мамандардың үйлесімді жұмысы 20 млн тоннадан астам сапалы астық жинауға мүмкіндік берді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өндірілген көлемі еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетімізді іске асыруға мүмкіндік береді, бұл ретте жеткізілген астықтың 80%-ның сапалық қасиеттері жоғары. Барлық ауыл шаруашылығы жұмыскерлеріне ауқымды жұмыстары мен ерен еңбектері үшін алғыс білдіремін! Сіздерге мықты денсаулық және игілік тілеймін", деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда