Түркістан облысында екі сотталушыға химиялық кастрация жасалды. Мәжбүрлі түрде іске асырылған екпе сот шешімен жүзеге асырылған. Екеуі де кезінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді зорлағаны үшін 15 және 16 жылға абақтыға жабылыпты. Оның бірінің жасы небәрі 23-те екен. Қазір, қос сотталушы да химиялық екпеден кейінгі жағдайының мәз емес екенін айтып, қоғамнан кешірім сұрап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Зияны тиетінін біліп тұрмын. Ойлап тұрмын, өміріме зиян келеді ме деп қорқып тұрмын".
Аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген мына жігіттің жасы небәрі – 23-те. Бостандықта ойнап жүріп, от басқанын енді түсініп отыр. Ол ауылдағы көршінің қызын зорлады деп айыпталып, 15 жылға сотталыпты. Және мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасауға судья шешім шығарған. Сондықтан, жуырда оған алғашқы химиялық екпе егілген.
Сотталушы:
"Кастрация өтті біреуі. Содан ауырып қалдым. Қазір әлсізденіп, жұмысқа да шыға алмай отырмын".
Өткен аптаның сәрсенбісінде салынған екпеден сотталушы әлі күнге айығар емес. Әлсіреп, жүрегім шаншып, бір аяғым ұйып қалды деп отыр. Әсілінде, мұндай жағдайды бастан кешірімен деп ойламаған ол енді жасаған іс-әрекетіне өкінетінін білдірді.
Сотталушы:
"Енді осы болған жағдайға, қылмысқа өкінемін. Сондықтан, өзгелерді қылмыс жасамауға шықарамын. Сіздерден өтінерім, менің үкімімдегі химиялық кастрация тағайындалғаны сот шешімін алып тастауға болмаса ықпал жасауға өтініш жасаймын. Мен әлі жаспын".
Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеп жүрген ол әлі үйленбегенін айтады. Ата-анасының тұңғышы екен. Болашақ тіс дәрігері болуды армандағанымен әке-шешегі қарау үшін туып-өскен жеріне барған. Міне, сол жақта жүріп, қылмыс жасапты. Ал, екінші сотталушы туған нағашы әпкесінің қызын зорлады деп айыпталыпты. Ал өзінің жары мен қызы бар екен. Сот 16 жылға бас бостандығынан айырып, оған қоса химиялық кастрация жасау жөнінде шешім шығарған. Соған сәйкес, алғашқы инъекция салынған.
Сотталушы:
"Әсері болмаса мен осы осы өндірістік аймағында жұмыс істеп жүріп, бала шағама сәл көмек берер едім. Укол салды уже мынандай жағдайға түсіп қалдым".
Түзеу мекемесі басшылығының сөзінше, мұнда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 400-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр екен. Оның 78-і кәмелеттік жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түскендер көрінеді. Соның ішінде дәл осы екі сотталушыға сот шешімімен биыл мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалыпты.
Қаһарман Әбубәкіров, ИЧ-167/9 түзеу мекемесі басшысының орынбасары, әділет подполковнигі:
"Соттың үкімі бойынша 2020 жылғы шешімге сәйкес, 2 сотталғанға мәжбүрлі түрде химиялық кастрациялау жасауға шешім шығарылған. Біз сот үкімін орындау барысындамыз".
Екі сотталушыға инъекция тек медициналық тексеруден өткен соң ғана салыгады екен. Сондай-ақ, мұндай препараттар кастрация кезінде ғана емес қатерлі ісік ауруына шалдыққан кейбір науқастарға да қолданылатынын айтады мамандар.
Ернұр Арнаев, уролог-андролог:
"Ол препарат, мысалы, қолданған кезде ол организмнен бөлінетін гоноротропный гармондар бар, соларды тежейді де аталық безден шығатын тестостеронды төмендетеді. Сол дәріні салып отырған кезде ол дәрінің әр түрі болады. Кейбірі 3 айда бір қолданылатын болады".
Химиялық екпе ИЧ 167/9 түзеу мекемесінде алғаш рет жүзеге асып отыр. Және комиссия қорытындысымен әр 6 айда бір рет салынуы тиіс екен.