ЖРВИ мен пневмония бойынша күдікке алынған барлық науқастар ПТР-тест тапсырады

24.kz
Сондай-ақ, елімізде эпидемиологиялық көрсеткіштерге бақылау жүргізу мақсатында, тіпті індеттің алдын алу мақсатында тестілеу жүргізіледі.

Қазақстанда ЖРВИ мен пневмония бойынша күдікке алынған барлық науқастар ПТР-тест тапсырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ресейде ПТР-тесті дәрігер көмегіне жүгінген ЖРВИ-мен науқастанушылардың барлығына жасалады. Осылайша, олар халықтың көп бөлігін тестілеумен қамтып, сәйкесінше аурудың кең етек алып кетпеуін өз бақылауында ұстайды. Осылайша 100% тестілеу жүргізу Қазақстанда қарастырылған ба, жоқ болса, неге" - деп сұрады журналист.

Бас санитарлық дәрігер бұл сұраққа жауап бере отырып, БАҚ өкілінде бұл ретте өзінде толық ақпарат жоқ екенін атап өтті. Алайда ол Қазақстан халқын жаппай тесиілеу баяғыда басталып кеткенін айтты.

- Шынында да, Қазақстанда ЖРВИ мен пневмония бойынша күлік келтірілген барлық науқастар ПТР-ға тексеріледі. Сондай-ақ, елімізде эпидемиологиялық көрсеткіштерге бақылау жүргізу мақсатында, тіпті індеттің алдын алу мақсатында тестілеу жүргізіледі, - деді Қиясов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды