Қытайдан қашқан Қастер мен Мұрагерге босқын мәртебесі берілді

Lyazzat Akhatova
Мұсаханұлы мен Әлімұлы 2019 жылдың қазан айының басында Шыңжаң өлкесі Дүрбілжің аймағынан жолға шығып, Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен.

Қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстаннан бір жылға босқын мәртебесін алды. Олар – Шыңжаңдағы қысымнан қашып, Қазақстаннан босқын мәртебесін алған алғашқы этникалық қазақтар, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Шыңжаң қазақтарына бір жылға босқын мәртебесін беру шешімін 16 қазанда Ақмола облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі жанынан құрылған комиссия қабылдаған. Адвокат Бақберген Азаттыққа Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына босқын мәртебесі бір жылға берілгенін, олардың "алдағы қадамдарын енді ақылдасатынын" айтты.

Мұсаханұлы мен Әлімұлы 2019 жылдың қазан айының басында Шыңжаң өлкесі Дүрбілжің аймағынан жолға шығып, Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен. Әуелі Шығыс Қазақстан облысына тап болған, кейін Алматыға жеткен. 14 қазанда Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында "Қытайдағы қысымнан қашып келгендерін" мәлімдеп, Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған.

Кейін екеуін Қазақстан билігі жауапқа тартты. Қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты екеуін "мемлекеттік шекараны бұзып өткені үшін айыпты" деп танып, бір жылға бостандығынан айырған. Түрмедегі күндерінің басым бөлігі екі күн деп есептеліп, олар 22 маусымда Семейдегі түрмеден бостандыққа шыққан. Кейін Қазақстан оларға "Пана іздеуші куәлігін" берген еді. Куәліктің уақыты 20 қазанда бітуі тиіс еді.

Қазақстанмен шектесетін Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң аймағында ислам дінін ұстанатын байырғы жергілікті тұрғындар – ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге мұсылмандарға коммунистік биліктің қысым көрсетіп, лагерьге қамап жатқаны туралы хабарлар 2017 жылдан бастап тарай бастаған. 2018 жылы БҰҰ Шыңжаңдағы лагерьлерде миллионға жуық адам отырған болуы мүмкін деп мәлімдеген.

Пекин Шыңжаңдағы саясаты үшін халықаралық қауымдастықтан сынға ұшырады. АҚШ Пекинге бірнеше рет санкция да салды. Ресми Пекин Батыс елдерінің Шыңжаңға қатысты мәлімдемелерінің көбін жоққа шығарады.

Еуропа елдері Қытайдан Шыңжаңға тәуелсіз сарапшыларды кіргізуді талап етеді. Пекин Шыңжаңға БҰҰ мен Батыс елдерінің ресми өкілдерін кіргізбей отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты