Қазақ азаматтары Мұхамеджан Тазабектің эфирге шығуына қарсылық білдірді

видеодан кадр
Кеше бүкіл бабамызды адасқан санағандар бүгін бізге сол баба дәстүрін үйретпегі қалай?

Холед Хосейнидің "Батпырауық қуған жан" кітәбін оқығандар түсінеді. "Билікке мына дүмше молдалар келсе көресіңді сонда көресің" дейді ғой әкесі. Тура солай болады, деп жазды желіде Janat Jańqashúly.

Пакистанда дайындықтан өткен, бұлыңғыр ұйымдардың қаржысына зомбиланған талибандар келеді. Әуелде алдынан гүл алып шыққан халық кейін бармақ шайнайды. Алла тағалам содан сақтасын! Өзіміздің Арман Қуанышбайға, Ерсін Әміреге, Ризабек Батталовқа және мүфтият молдаларына қарсылығымыз жоқ. Уағызын ұйып тыңдаймыз. Шақырса солардың біреуін шақырсын. Мұхамеджанды емес. Кеше бүкіл бабамызды адасқан санағандар бүгін бізге сол баба дәстүрін үйретпегі қалай? Айтбай Жұмағұлов мырза, елде онсыз да шу болып жатқанын жақсы білесіз. "Рухани жаңғыруға" шоу керек пе, шу керек пе? Мен, Қарағандының тумасы ретінде бұған қарсымын, дейді пост авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты