Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Матраимов ұсталды

Bektur Stamkulov (RFE/RL)
Оның кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты қозғалған іс бойынша ұсталғаны айтылады.

20 қазанда Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов ұсталды.

Бұл ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Оның кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты қозғалған іс бойынша ұсталғаны айтылады.

17 қазанда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты сот өндірісі ашылғанын хабарлаған. Комитет өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кеден қызметі жүйесінде 2016 жылдан бері Райымбек Матраимов пен кеден қызметінің өзге де лауазымды тұлғалары "ұйымдастырған жемқорлық схемасының" кесірінен мемлекетке ірі көлемде шығын келген.

Райымбек Матраимов есімі Азаттықтың Қырғыз қызметі, "Клооп" және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) жүргізген журналистік зерттеулер топтамасында айтылған.

Журналистік зерттеулер топтамасы жарық көргеннен кейін Райымбек Матраимов, оның бауыры, парламент депутаты Искандер Матраимов, әйелдері сонымен бірге "Исмаил Ата" қайырымдылық қоры Азаттықты, журналист Әли Токтакунов пен "Клооп" сайтын сотқа берген. Искендер Матраимов осы іске байланысты берген сұхбатында ақпарат құралдары "өзінің беделін түсіру үшін материалдарды жариялады" деп айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды