83 жастағы Нүсіпжановтың ұлды болғаны өтірік – телеарна басшысы

instagram.com
Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Кеше кешке еліміздегі интернет-ресурстар 82 жасында шаңырақ көтеріп, белігіл журналист Жадыра Сейдешті жар етіп алған, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғанын жазып жатты. Бәрі құтты болсындап, тілек тіледі, дейді malim.kz.

Әңгіме "Алматы" телеарнасынан шығатын "Paparazzi" бағдарламасынан тараған еді. Бүгін телеарна басшысы Нұржан Жалауқызы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, кешірім сұрады.

"Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын", — деді арна басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті