Төрт банктің жарнамасынан заңбұзушылық анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Заң бұзған банктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Центр Кредит Банкі" АҚ банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірін және лицензияны берген органның атауын көрсетпеген.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, ЕДБ-ға қатысты қадағалап ден қою сипатындағы ұсынымдық шаралар қолданылды;

"Альфа-Банк" АҚ ЕБ сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсету бойынша міндеттемені орындамаған, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

"Сбербанк" АҚ ЕБ жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнама материалын орналастырды. Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар қадағалап тексерілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады