Алматы қаласының халықаралық әуежайында жолаушылардың мегаполиске халықаралық рейстермен келуі кезінде қауіпсіздік шаралары қалай сақталатыны және ПТР-анықтамасының болу талаптары туралы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 4 қазанынан бастап Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықаралық әуежай аумағында халықаралық рейстерді бақылауды күшейту және шетелден коронавирус әкелінуін ескерту бойынша шаралар қабылданды.
ҚР көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қазақстандықтар елге ПТР анықтамасынсыз келулеріне болады, бірақ ондай жағдайда олар жеті күндік карантинге жіберіледі. ПТР-тексеру нәтижесі бар анықтамасы жоқ шетелдіктер ұшып шығатын әуежайдың әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейді. Соған қарамастан, ұшақ бортына ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктердің отыруына жол берген әуе компанияларына 4,5 млн теңге айыппұл салынады.
Ұшақ бортында жолаушылармен толық мәліметтері бар сауалнамалар алдын ала толтырылады. Санитарлық қызметкерлер жолаушыларды күтіп алу кезінде сауалнамаларды жинап, анықтамалардың бар-жоғын тексереді. Алматы әуежайына келген кезде жолаушыларға міндетті түрде термометрия жүргізіледі. Осылайша, ұшақтан шығар алдында жолаушылар екі дәлізге бөлінеді: анықтамалары жоқтар әуежайдың жекеленген аймағында паспорттық бақылаудан өтеді. Одан кейін бұл жолаушыларды арнайы қызмет өкілдері карантиндік стационарларға орналастыру үшін өздерімен бірге алып жүреді, онда олар ПТР тестілеу әдісімен COVID-19-ға тексеруден өтіп, нәтижесін күтеді. Теріс нәтижелі анықтамалары бар жолаушылар әуежайдан кете берулеріне болады.
Жалпы, қаланың әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға арналған арнайы белгілер, санитайзерлер бар.
"Әрбір халықаралық рейс келгеннен кейін ұшып келу аймағына дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Қауіпсіздік қызметі маска режимі мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды", - деп хабарлады Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, әуежайдың терминалында COVID-19-ға тексеруден өту мүмкіндігі бар. Материал тапсыру пункті екінші қабатта орналасқан, онда тексерудің келесі түрлері жүргізіледі: ПТР-тест, ИФТ-тест және экспресс-тестілеу.
Белгілі болғандай, санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің осы сынды шаралары бірқатар елдерде қолғаи алынуда. Мысалы, Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines әуе компаниясының өкілі Всеволод Ким Қазақстан Республикасы азаматтарының Корея Республикасына кіру ережелерін түсіндірді.
"Корея Республикасы билігінің шешімімен Корея республикасына баратын барлық азаматтардың міндетті түрде ПТР анықтамасы болуы керек. Осы жылдың 25 қазанына дейін тек Asiana Airlines әуе компаниясы үшін шектеулер қойылған. Біз бортқа тек Корея республикасының азаматтарын ғана ала алдық. Жақын арадан бері 25-ші қазаннан бері елге кіру тәртібі жеңілдетілді, қазір біз өзіміздің әуе компаниямыздың бортына басқа мемлекеттердің азаматтарын ала аламыз. Бірақ әр рейсте 100 адамға дейін жүктеу шектеуі қойылған. Қазақстан азаматтарына ПТР анықтамасынсыз Кореяға бару мүмкін емес", - деп атап өткен ол Корея Республикасына барған кезде бір апта карантинде болу міндетті шарттардың бірі екенін айтып, сөзін толықтырды.