Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 бойынша өлім-жітім көбейді

ҚР ДСМ
Соңғы аптада қайтыс болған 18 адамның 65 проценті - 65 жастан асқандар.

Осы аптада Қазақстанда тіркелген COVID-19 бойынша 24 өлім-жітімнің 18-і Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Иә, шынымен де қазан айында біздің COVID ауруханаларында өлім-жітім өсімі байқалды. Біз бәрін талдадық. Оның ішінде 65 жастан асқан науқастар өлімі 65% -дан асады. Сондай-ақ бірінші күннен-ақ ауыр халде келіп түскен науқастар (10-нан астам пациенттер) бар, олар жансақтау бөлімінде қарқынды терапия бойынша емделді және өкінішке орай, олар біздің ауруханаларда қайтыс болды, - деді ол "Өлім-жітімнің осындай жоғары болуы медициналық қызметтердің сапасына байланысты емес пе" деген сұраққа жауап бере отырып.

Сонымен қатар, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Шығыс Қазақстан облысында енгізілген барлық шектеулерге қарамастан бұл өңір әлі де "сары аймаққа" жататынын атап өтті.

"Сары аймақта" қазір Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы енді. Шығыс Қазақстан облысында халықтың тестілеу деңгейі айтарлықтай жоғары. Бірақ тестілеу деңгейі төмен бізде аймақтар да бар. Ауру санының көбеюі тестілеуді қамтамасыз етумен байланысты деп айту дұрыс емес. Әрине, байланыс бар, бірақ бұл ауру өсімінің басты себебі емес", - дейді Қиясов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты