Санитарлық жаңа талап өскемендіктер арасында дүрбелең туғызды

vlast.kz
Бүгіндері ШҚО-дан басқа аймаққа шығатын жолаушылардан ұшақ та, пойыз да ПТР-анықтамасын сұрайды. Ал өңір орталығында мұндай анықтама беретін бір ғана зертхана бар.

Өскеменде COVID-19-ға ПТР-тест тапсыратын орындарда ұзын-сонар кезек қалыптасты. Cебебі бүгіннен бастап ұшақ пен пойызға тек қолында ПТР-анықтамасы барлар ғана отыра алады, деп хабарлайды "Хабар-24".

Жүздеген жолаушы телефонына "тест нәтижесі қолыңызда болсын" деген хабарлама келіп, түсіп жатыр. Ал қалада тек бір жерде ғана ондай зертхана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне ескертулер тым кеш түскен. Қазір жолға шығамын деушілер жалғыз зертхананың алдында топырлап тұр. Арасында жас та, кәрі де бар. Санитарлық қауіпсіз қашықтық туралы да айтуға келмейді. Тестті тапсырғанның өзінде оның нәтижесін күтуге тағы да уақыт керек. Біреуге бір күн, енді біреуге екі күн.

Осындағы тұрғындардың сөзінше, жедел тест нәтижесі керек болса, 20 мың теңге төлеу керек екен. Бұған екінің бірінің қалтасы көтермесі анық. Осылайша сапарға жиналған жолаушылар алған билетіміз күйіп кете ме деп алаңдайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды